5 қазан – Ұстаздар күніне орай мектебімізде ұстаздарға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік кеш барысында ұстаздарға жүрекжарды тілектер айтылып, әндер шырқалып, көңілді көріністер мен қызықты ойындар ұйымдастырылды. Әсіресе, ұстаздардың көңілін көтерген әзіл-шыны аралас көріністер кештің сәнін келтірді.
Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, болашаққа жол сілтейтін ұлы тұлға.
Құрметті ұстаздар, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін!