Құттықтаймыз!
2026–2027 оқу жылында жаратылыстану-математика пәндері бойынша өткен Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңінде мектебіміздің 11 «Ә» сынып оқушысы Қосмұхаммед Сандуғаш үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі I орынды иеленді!
Оқушымыздың осындай биік жетістікке жетуіне үлес қосқан пән мұғалімдері:
* химия пәнінің мұғалімі – Исаева Р.;
* биология пәнінің мұғалімі – Жұпарова А.;
* математика пәнінің мұғалімі – Избасарова Ж.;
* физика пәнінің мұғалімі – Дошимова К.
Сандуғашты, ұстаздарын және ата-анасын осы айтулы жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз! Оқушымызға алдағы кезеңде сәттілік тілеп, білім додасында жоғары нәтижелерге қол жеткізе беруіне тілектестік білдіреміз.
Мектебіміздің мерейін үстем етер жеңістерің көп болсын!







