Қарттар күніне орай мектебімізде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, ардагерлерімізге құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.
Шара барысында үлкендерге жылы лебіздер айтылып, ән-жырдан шашу шашылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Сонымен қатар, мектебімізде ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен ардақты ұстазымыз Завхан апайымызды құрметпен зейнет демалысына шығарып салдық.
Ұлағатты еңбегіңіз бен шәкірт тәрбиесіне қосқан үлесіңіз үшін алғысымыз шексіз!
Зейнеттегі өміріңіз қуанышқа, денсаулыққа және отбасыңыздың шаттығына толы болсын!
Қарттарымыз аман, ақ баталарыңыз қабыл болсын!